Жылдың киберфорумы: KazHackStan 2025

time 5.09.2025
aye 566
Жылдың киберфорумы: KazHackStan 2025

Биыл KazHackStan жетінші рет өтеді және бір алаңда Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен әрі әлемнен келген 6000-нан астам қатысушы мен 65-тен аса жетекші спикерлерді біріктіреді.

Конференция форматы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қырларын толық қамтуға бағытталған: мемлекеттік реттеуден бастап тәжірибелік дағдылар мен тікелей көрсетілімдерге дейін қамтиды.

Тақырыптық үш күн

1-күн — Government & Business Day

Бірінші күн реттеу және жауапкершілік мәселелеріне арналады. Мұнда талқыланатын тақырыптар:

    •    киберқауіпсіздік саласындағы біліксіздікке мүлдем төзбеушілік, әсіресе мемлекеттік құрылымдарда;

    •    деректердің таралуы, бюджет тапшылығы және негізгі қауіпсіздік талаптарын елемеу;

    •    аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымға (ААИ) рұқсатсыз пентест жүргізу мәселесі;

    •    қаржы секторының азаматтардың деректерін қорғауға бейжай қарауы;

    •    әлсіз тұстар мен ақпараттың сыртқа таралуын жасыру мәселелері қарастырылады.

 2-күн — Secure Development Day

Екінші күн қауіпсіз әзірлеу тәжірибесіне және технологияларға арналады:

    •    қорғалған периметр моделінің өзектілігін жоғалту себептері;

    •    жасанды интеллект пен бұлттық шешімдердің әсерінен қауіп-қатер ландшафтының өзгеруі;

    •    өзгермелі ақпараттық қауіпсіздік ортасында қорғаудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылады.

3-күн — Hack Day

Үшінші күн — хакерлер мен Red/Blue Team мамандарына арналған арнайы күн. Қатысушыларды келесі іс-шаралар күтуде:

    •    әлемдік және өңірлік сарапшылардың мазмұнды баяндамалары;

    •    аймақтағы ең ірі хакерлік жарыс — CyberKumbez финалы;

    •    real-time бұзу көрсетілімдері, баг іздеу және кибер-шабуыл мен қорғау тәсілдерінің көрсетілімі ұсынылады.

Конференцияны киберқауіпсіздік пен цифрлық егемендік саласында аймақтық көшбасшы TSARKA Group ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп ұйымдастырылады.

KazHackStan 2025 іс-шарасы Freedom Holding, PS.kz және Astana Hub қолдауымен өтеді. Бұл ұйымдар Қазақстандағы финтех, бұлтты сервистер және стартап-экожүйесін белсенді түрде дамытып келеді. Сонымен қатар, шараға Hewlett Packard Enterprise (HPE) – корпоративтік ІТ-шешімдер саласындағы жаһандық көшбасшы да киберфорумға қосылады.

KazHackStan — бұл тек қана конференция емес. Бұл — мемлекет, бизнес және хакерлер киберқауіпсіздік тілінде сөйлесетін ең ірі өңірлік алаң. Қазіргі заманда шабуыл — уақыт мәселесі, ал әлсіздік кез келген жүйеден табылуы мүмкін. Сондықтан мұндай кездесулер артықшылық емес, қажеттілікке айналды.

white-arrow Тізімге