2025 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасында университеттермен ынтымақтастық аясында студенттерге арналған «Қаржыдағы жасанды интеллект және дропперлік» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.
Спикер - сарапшы әрі нейромаркетер Олжас Шарипов. Қонақ дәрісі барысында жасанды интеллектке қатысты өзекті мәселелер, осы саладағы заманауи үрдістер және оның креативті экономикамен байланысы талқыланды.
Сондай-ақ, сарапшы жастар арасындағы дропперлік және оның өскелең ұрпаққа тигізетін қауіп-қатерлері туралы айтылды.
Спикер жасанды интеллектті білім беру үдерістерінде, бизнесте және қаржылық сауаттылықты арттыруда пайдалану мүмкіндіктері туралы айтты. Дәріс барысында қатысушылардың бірі спикерге сұрақ қойды: алаяқтар интернеттен өз құрбандарын қалай табады? Көбінесе адамдар өздерінің жеке деректерін тыйым салынған немесе лицензияланбаған сайттарға қалдырады, содан кейін арнайы бағдарламалар оларды сақтап қалады және бұл деректерді алаяқтар белсенді түрде пайдаланады.
Мұндай дәрістер жүйелі түрде өткізілетін болады. Fingramota.kz жобасымен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, жаңалықтарды бақылап отырыңыз!
Болашақ көшбасшылар үшін қаржылық сауаттылық: Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Бір схема – түрлі сценарийлер: алаяқтардың жаңа айлалары
Қазақстанда қарыз алушылардың құқықтары қалай қорғалып, қаржылық алаяқтықпен қалай күреседі
«Стоп-кредит»: қазақстандықтарды заңсыз кредиттерден қорғауға арналған сервис
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Әскерге күзгі шақыру – 2025: кредиттік міндеттемелер жөнінде әскери қызметшілерге арналған жаңалықт...